2024 жылы 2 – 3 шілдеде озық тәжірибелі өңірлік мектептерді ұйымдастыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Елдік офисінің техникалық қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында ДДҰ ұсынған инфекцияның алдын алу мен инфекциялық бақылаудың негізгі компоненттерін енгізу бойынша алғашқы бағалау жұмысын жүргізді, сондай-ақ консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді. Іс-шара штаттан тыс эпидемиологтар мен аурухана командасының қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу өтті.