Алматыда 19-20 маусымда Қазақстандағы тұмау, COVID-19 және басқа да респираторлық патогендерді эпидемиологиялық қадағалау жұмыстарын іске асыруға арналған маңызды жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаменттерінің, сараптама орталығының, Денсаулық сақтау басқармаларының және ҚР ДСМ “ҚДСҰО” ШЖҚ РМК СЭСжМҒПО филиалының мамандары қатысты.
Кеңесте еліміздегі және одан тысқары жерлердегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға қатысты маңызды мәселелер сөз болды. Мамандар эпидемиологиялық қадағалау деректерінің сапасын жақсарту және визуализациялау үшін заманауи құралдарды пайдалануды талқылады, бұл респираторлық патогендердің таралуын өте тиімді қадағалап, ден қоюға мүмкіндік береді.
H5N1 құс тұмауы жағдайын зерттеуге, сондай-ақ тұмау мен COVID-19 ауруларын бірге жұқтыру жағдайын талдауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар соңғы эпидемиялық маусымдағы жіті респираторлық инфекциялардың саны туралы деректер ұсынылды, бұл еліміздегі сырқаттанушылық динамикасы туралы нақты түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараны Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP халықаралық орталығының және Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) елдік офисінің қолдауымен ҚР ДСМ “ҚДСҰО” СЭСжМҒПО филиалы ұйымдастырды.