Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен халықаралық ынтымақтастық аясында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау саласындағы бағдарламаларды іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
2024 жылы 20 – 21 маусымда “Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы” ШЖҚ КМК базасында консультациялық-әдістемелік көмек көрсете отырып, инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша озық тәжірибесі бар мектептерге алғашқы баға беру жөнінде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық бақылау бағдарламасының үйлестірушісі Г.О. Агажаева аурухананың штаттан тыс эпидемиологы С.К. Оспанова мен аурухана командасының қатысуымен инфекциялық бақылау бағдарламасы бойынша жұмыстың жалпы бағыттары, озық тәжірибелерді енгізу үшін клиникалық базалар құру, сондай-ақ ДДҰ ұсынымдарына сәйкес бағдарламаларды жақсарту үшін практикалық ұсынымдар мен жоспарлар әзірлеу мәселелерін талқылады.