2024 жылы 27 – 28 маусымда Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы мен Маңғыстау облысы ДСБ базасында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша озық тәжірибесі бар өңірлік мектептерді ұйымдастыру аясында бірқатар кездесу өтті.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына бару аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Е.В. Сояк, ҚР инфекциялық бақылау бағдарламасының үйлестірушісі Г.О. Агажаева Маңғыстау облыстық басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаровпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялық бақылау бағдарламасы бойынша жұмыстың жалпы бағыттары талқыланды.
Облыстық көпсалалы ауруханаға бару аясында ДДҰ ұсынған инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылаудың негізгі компоненттерін енгізу жұмыстарына баға берілді, сондай-ақ консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ақтау қаласы мен облыстан келген 35 госпитальдық эпидемиологқа семинар өткізілді, онда медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.