«Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК филиалы 12-13 маусымда Словенияның Блед қаласында өткен зертханалар көшбасшыларын даярлаудың жаһандық бағдарламасын (GLLP) енгізу тәжірибесімен алмасу жөніндегі кеңеске қатысты. Зертханалық көшбасшыларды даярлаудың жаһандық бағдарламасы бүкіл әлем бойынша адам, жануарлар және қоршаған орта денсаулығы саласында жұмыс істейтін бірқатар халықаралық ұйымдардың – Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH), аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) және қоғамдық денсаулық сақтау зертханалары қауымдастығы (APHL) бірегей ынтымақтастығымен әзірленді.
Кеңесте Балқан өңірінде GLLP бағдарламасын енгізуге қызығушылық туралы мәселелер талқыланды және Қазақстан 2020 жылдан бері табысты іске асырылып келе жатқан GLLP бағдарламасын енгізу тәжірибесі туралы презентациямен шақырылды. Қазақстан-ОАӨ-нің бірінші болып бағдарламаны бейімдеу және зертханалық сектордың, оның ішінде ветеринария мен экологияның ұлттық кадрларын оқыту бойынша жұмысты бастады және бүгінгі таңда оқытудың 2 кезеңі (2023-2024ж) іске асырылуда.