Алдағы уақытта 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін. Заң жобасын өткен аптада Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Серсектік сыйлайтын сусын сергелдеңге салатынын ішіп жүргендер біле ме? Бала тұрмақ, ересектердің денсаулығын құртатын энергетикке еліткендер неге көп?