Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында 2024 жылы 13-14 маусымда Астана қаласында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша екі күндік конференция өтеді. Іс-шараны USAID және Пандемия қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты – Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдау жөніндегі 2022–2025 жылдарға арналған ДДҰ Еуропалық жол картасы шеңберінде ИАИБ (инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау) бағдарламаларының негізгі компоненттерін іске асыру барысын, Қазақстан Республикасында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін іске асыруды талқылау, Қазақстанда медициналық көмекке байланысты инфекциялардың (МКБИ) бір сәтте таралуын және микробқа қарсы препараттарды қолдануды Ұлттық зерттеу нәтижелерімен таныстыру,
“Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) сапалы медициналық көмек көрсетудің құрамдас маңызды бір бөлігі және төтенше жағдайларға дайын болудың және оларға ден қоюдың негізгі элементі болып табылады. ИАИБ тиімді шаралары арқылы МКБИ-дың алдын алуға болады. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, біз ИАИБ үздік практикасы бар клиникаларды құру арқылы Қазақстанның өңірлеріндегі медициналық мекемелердің әлеуетін күшейтуде жұмыс жасап жатырмыз және мамандарды оқытуға қолдау көрсетеміз”, – деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы ДДҰ Елдік офисінің басшысы доктор.Скендер Сыла.
“Қазақстан ECDC (Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталық) хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және антибиотиктерді қолданумен байланысты инфекциялардың бір мезгілде таралуына Ұлттық зерттеу (Point Prevalence Survey) жүргізген Орталық Азиядағы алғашқы елдердің бірі болды. Бұл өте құнды дерек болып табылады, мысалы, Еуропалық Одақтағы үшінші ұқсас зерттеу нәтижелері бойынша стационарларда болмағанда бір инфекциясы (МКБИ) бар пациенттердің таралуы 4,4% – дан 7,7% – ға дейін өзгеріп отырады, Қазақстанда-3% құрады. Бұл зерттеулер инфекциялық қауіпсіздікті жақсарту және Қазақстан халқына сапалы медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын болады”, – деп атап өтті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Манар Смағұл.