Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының эпидемиологтары ішек инфекцияларымен ауыратындар санының өсуі тіркейді. Қазақстанда жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып тұр. Ағымдағы жылдың 5 айында жалпы жіті ішек инфекциясының 4986 жағдайы (2023 жылы 4764 жағдай) тіркелсе, сонымен қатар сальмонеллездің 316 жағдайы (2023ж. – 405 жағдай), дизентерияның 79 (2023ж. – 84), ротавирустық энтериттің 765 (2023 ж. – 623) жағдайы орын алады.
Елімізде жіті ішек инфекциясы бойынша жүргізіліп жатқан санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың артқанын көрсетіп отыр. 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 24,87, бұл сырқаттанушылық көрсеткіші 2022 жылы – 24,03 тіркелген. Сонымен бірге аурушаңдық ай сайын, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында артып келеді, сырқаттанушылық көрсеткіші – 67,07 (2023 жылы – 61,94), немесе 8,28%-ға жоғарылаған.
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – әртүрлі инфекциялық агенттер (бактериялар, шартты патогенді микрофлора, вирустар, қарапайымдылар) тудыратын қоздырғыштардың фекальді-ауыз механизмі арқылы берілуімен, қызба және ішек синдромымен, оның ішінде негізгі интоксикация, диарея, сусызданушылық белгілерімен көрінетін адамның жұқпалы ауруларының үлкен тобы. Жіті ішек инфекциясының инкубациялық кезеңі әдетте бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады.
Жіті ішек инфекциясымен ауру қаупі жылдың ыстық мезгілінде күрт арта түседі, аурулардың көпшілігі осы уақытта тіркеледі.
Ішек инфекцияларының негізгі берілу жолдары:
1. Тамақ арқылы – ластанған тағамды жегенде.
2. Су арқылы – лас суды ішкенде немесе жұтқанда.
3. Тұрмыстық жанасу арқылы – инфекция көзімен тікелей байланыс жасағанда (науқастың күтімі, немесе тұрмыстық заттар – ыдыс-аяқ, жиһаз, құрал-сайман, төсек-жабдықтары арқылы).
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды ішек инфекцияларынан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау керек:
– су мен тағам өнімдерінің сапасына күмәнданатын болсаңыз, әсіресе белгіленбеген жерлерде қолдан сатылатын өнімдерді пайдаланбау;
– тек таза (бөтелкедегі) немесе қайнатылған суды ішу;
– көкөністер мен жемістерді таза ағынды сумен мұқият жуып, ыстық сумен шайып тастау керек;
– жеке бас гигиенасын сақтау – дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және т.б. қолды сабынмен жақсылап жуу;
– сүт (қапталмаған немесе бөтелкесіз) міндетті түрде қайнатылған болуы керек, ет, балық, құс және құс жұмыртқалары мұқият термиялық өңдеуден (қайнатылған немесе қуырылған) өтуі керек;
– тамақ пісіру кезінде тек жаңа өнімдерді пайдаланыңыз;
– тамақты тоңазытқышта сақтау кезінде тез бұзылатын өнімдердің тауарлық жақындығын қадағалаңыз және олардың жарамдылық мерзімін бақылаңыз;
– шикі және қайнатылған көкөністерді, ет пен балықты кесу үшін бөлек кесу тақталарын қолданыңыз;
– бомбажды және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен консервілерді сатып алмаңыз және пайдаланбаңыз.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде (іштің ауыруы, бірнеше рет қайталанған сұйық нәжіс, құсу, температураның көтерілуі) ең бастысы өзін-өзі емдеуге болмайды, оның орнына дәрігердің кеңесіне жүгініңіз. Өзін-өзі емдеу жағымсыз салдарға әкеледі: клиникалық белгілері біраз уақытқа жоғалады, денсаулық сәл жақсарады, бірақ инфекциялық агенттер денеде қалып көбейе береді. Ауру ауыр немесе созылмалы түрге ауысып және де науқас басқалар үшін аурудың тасымалдаушысы көзіне айналады.