2024 жылдың 31 мамырында ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы гибрид форматында “Атмосфералық ауа ластануынан халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау” тақырыбында семинар өткізді.
Спикерлер: «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының директоры, м.ғ.к. Сыдыманов Е.Ж.; профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі, м.ғ.к. Амрин М.К.; профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының аға ғылыми қызметкері, м.ғ.к. Досмухаметов А.Т.
Семинар Филиалдың бекітілген тапсырма жоспарына сәйкес өткізілді. Жобалық құжаттамада ұсынылған денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау материалдарына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде және себеп-салдар байланысын орнату кезінде химиялық ауаны ластаушы заттардың әсерінен халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдістемесі бойынша семинар өткізілді. Қоршаған ортаның физикалық факторларының (иондаушы және электромагниттік сәулелену) әсерінен қауіп-қатерді бағалау мәселелі де талқылынды.
Семинар жұмысына ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК, «Х.Жұматов атындағы ГжәнеЭҒО» және «СЭСМҒО» филиалдары, СЭБ облыстық және қалалық департаменттері және ҰСО филиалдары қатысты. Офлайн форматында 16 адам, Онлайн форматында – 83 адам.
Қатысушылар ауаның химиялық заттармен ластануынан халық денсаулығына канцерогенді және канцерогенді емес қауіптерді есептеу дағдыларын игерді.