31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өткен ғасырдың соңында жариялаған Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күн темекі эпидемиясына назар аударуға, темекі шегудің зияны мен одан бас тарту әдістері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ темекі өнеркәсібінің, әсіресе жастарға қатысты темекі өнеркәсібінің манипуляцияларының алдын алуға бағытталған.
2024 жылы бұл күннің ұраны: “Жастарды темекі өнеркәсібінің манипуляцияларынан қорғау”. Бұл ұран жастарды зиянды тәуелділіктен қорғауға және темекі корпорацияларының денсаулық сақтау саясаты мен қоғамдық пікірге әсерін болдырмауға арналған жаһандық халықаралық “Өтірік айтуды тоқтатыңыз” науқанының бір бөлігі болып табылады.
ДДҰ деректері бойынша темекі шегу өкпенің, бронхтардың, трахеяның қатерлі ісігінен болатын өлімнің 85%-на, жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 16%-на, туберкулезден болатын өлімнің 26% -на, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларының 24% -на себеп болады. Темекі мен никотин өнімдерін өндіру және тұтыну ағзаға қатты зиян келтіруден басқа, қоршаған ортаға зиян келтіреді, психикалық денсаулықты нашарлатады және балалардың еңбегін заңсыз пайдаланады.
Дегенмен, темекі өнеркәсібі жыл сайын триллиондаған темекі өндіруді жалғастыруда және денсаулыққа әлі де зиянды әсер ететін “қауіпсіз” деп аталатын өнімдерді насихаттауда.
“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексі және ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) бірлесіп, 2014 және 2018 жылдары “Жастар арасында темекі тұтынуды жаһандық тексеру” (Global Youth Tobacco Survey, GYTS) зерттеулерін жүргізді.
Қазақстанда 2014 жылдан 2018 жылға дейін электронды темекі тұтынушылардың саны ұлдар арасында 2014 жылғы 2% -дан 2018 жылы 6% -ға дейін, үш есеге, ал қыздар арасында 1,1% -дан 2% -ға дейін, екі есеге өсті.
Қазақстанда темекі шегуге қарсы күрес шаралары көп жылдан бері жүргүзілуде, темекі өнімдеріне акциз 1995 жылы енгізілді. Соңғы 10 жылда акциздер мөлшерлемесінің өсуі түрінде салық саясатының қатаңдауы байқалады. Сонымен, сүзгісі бар темекіге акциз мөлшерлемесі шамамен 13 есе өсті, ал сүзгісі жоқ темекі, 1000 данаға шаққанда, 21 есе өсті. Қазіргі таңда республикада темекіге қарсы 88 орталық жұмыс істейді, олар темекіні тастағысы келетін адамдарға емдік-профилактикалық көмек көрсетеді. 2024 жылдың қаңтарында темекі өнімдерін тұтынуды шектейтін заң енгізілді, оған сәйкес вейптерді сатқаны үшін жоғары жаза — 50 тәулікке дейін қамауға алу, ал әкелгені және таратқаны үшін — екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.