2022-2027 жылдарға арналған “Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы” Ұлттық жоспарды бірлесіп іске асыру шеңберінде ДДҰ ұсынған инфекциялардың алдын алу мен инфекциялық бақылаудың негізгі компоненттерін енгізудегі прогресті бағалау бойынша мына медициналық ұйымдарға: “Мақажанов ат. көпсалалы аурухана” Қарағанды қ., “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК, “Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы” ШЖҚ КМК Өскемен қ., “Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасы” ШЖҚ РМК, “Шымкент кардиология орталығы” АҚ, “Атырау облыстық перинаталдық орталығы” ШЖҚ РМК ауруханаларына қайтадан барып, консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді.
ДДҰ техникалық қолдауымен, ауруханалардың штаттан тыс эпидемиологтары мен командаларының қатысуымен ҚДСҰО мамандары бағалау жүргізді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен кездесу өткізілді. Бағалау нәтижелері Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.
Медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға қосқан үлестері үшін аурухана командаларына алғыс білдіреміз!