Алматы қаласында гибридті форматта “Менингококк инфекциясының алдын алу және қажылық жасауға баратын адамдарға қойылатын негізгі талаптар” тақырыбында конференция өткізілді, оған эпидемиологтар, дәрігер және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облысыттық Мұсылмандар діни басқармалары мен туристік фирмаларының өкілдері қатысты.
Конференцияда мынадай өзекті мәселелер қаралды: Қазақстан Республикасындағы менингококк инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, туроператорлар арасында иммунопрофилактика саласындағы ұйымдастыру мәселелері және қажетті іс-шаралар кешені, қажылық жасағысы келетіндер арасында иммундаудың маңыздылығы және туризммен байланысты жұқпалы аурулардың басқа да мәселелері.
Сауд Арабия корольдігі (бұдан әрі-САК) Қажылық және ұмра министрлігінің мәліметтері бойынша, енді қажылыққа бару үшін арнайы қажылық визасын алу керек, сондай-ақ жарамды вакцинация сертификаты болуы қажет. Бұл шешім САК-те болған кезде қажылыққа барушыларды түрлі аурулардан қорғау үшін, қатаң бақылауды және қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Әрбір елдің ресми исламдық діни органдары (муфтияттар) қажылыққа виза беру процесін тиісті талаптар мен рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады. Қажылық және ұмра министрлігі туристік, жұмыс, отбасылық, транзиттік және басқа да виза түрлері қажылықты орындауға құқық бермейтінін атап өтті.
Қажылық парызын өтегісі келетіндерге өз қызметтерін әлеуметтік желілер арқылы жарнамалайтын және қажылық маусымын ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардан аулақ болу ұсынылады.
2024 жылғы қажылық маусымында отандастарымызға тиісті қызметтер көрсетуге ашық конкурстан өткен қазақстандық 16 туроператорға рұқсат берілді.
Туристік агенттіктердің тізімі:
1. “Хикмет Тревел” ЖШС
2. “Атлас Туризм” ЖШС
3. “Tawaf Travel” ЖШС
4. “Қызмет Саяхат” ЖШС
5. “Mina travel” ЖШС
6. “Хидаят-Нур” ЖШС
7. “Ал-Маруа” ЖШС
8. “Ордабасы-НЖ” ЖШС
9. “Sanablkz” ЖШС
10. “Delta Tour” ЖШС
11. ” Qazaq Sapar” ЖШС
12. “Robinzon KZ” ЖШС
13. “Nurkhan travel” ЖШС
14. “Сембекова” ЖШС
15. “Иман travel Тур” ЖШС
16. “Dostik travel” ЖШС
САК Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын ескере отырып, қажылыққа баратын барлық адамдардың менингококк инфекциясына қарсы төрт компонентті вакцинамен екпе алғаны туралы жарамды халықаралық сертификаты болуы тиіс.
Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация САК-қа барғанға дейін кемінде 10 күн бұрын жасалынып, мерзімі 3 жылдан аспауы керек, иммундау күні мен вакцина сериясы көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ қажылыққа барушыларға маусымдық тұмауға қарсы екпесі болу және дифтерия, сіреспе және қызылша сияқты вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы вакцинация мәртебесін жаңарту ұсынылады.
Менингококк инфекциясына қарсы егу жүргізілетін ақылы екпе жасау кабинеттері Алматы және Астана қалаларында қолжетімді.
Алматы және Астана қалаларында менингококк инфекциясына қарсы егу жүргізілетін ақылы екпе жасау кабинеттерінің мекенжайлары:
Алматы қ.:
– Фармаком (Қарасай батыр көшесі 30, қиылысы Пушкин көшесі)
– Эмирмед (Розыбакиев көшесі, 37В)
– “Карудо” педиатриялық орталығы (Құрманғалиев көшесі, 10)
– “Hak Medical (Хак Медикал)” медициналық орталығы (Өтеген батыр көшесі, 11а).
– Фармаком ЖШС вакцинация клиникасы (Бузурбаев көшесі, 23)
– International SOS Clinic Almaty Фармаком (Ходжанов көшесі 2/2)
– Medical Partner Korea медициналық орталығы (Достық даңғылы 210 Б)
Астана қ.:
– Open clinic ЖШС филиалы (Отырар даңғылы 8/2)
– МедЛайн медициналық орталығы (Қ. Күмісбеков көшесі 8)
Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде болған кезде жеке профилактика шараларын сақтау қажет:
– қолды сабынмен жиі жуу және дезинфекциялау майлықтарын қолдану;
– жөтелгенде және түшкіргенде майлықтарды қолдану;
– сырқат адамдармен араласпау және олардың жеке заттарын пайдаланбау;
– мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерде бір рет қолданылатын бетперде тағу;
– түйелер жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей жанасудан аулақ болу;
– қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін ішпеу, сондай-ақ ұйымдастырылмаған сауда орындарынан азық-түлік өнімдерін сатып алмау;
– аурудың қандай да бір белгілері пайда болса, дәрігерге қаралу керек;
– сапардан оралған кезде және қандай да бір ауру белгілері пайда болған жағдайда (қалтырау, дене қызуының көтерілуі, әлсіреу, тамақ ауруы және т.б.) дереу медициналық ұйымға жүгіну керек, жақында қажылыққа болғаныңыз туралы дәрігерге хабарлау қажет.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы.