Әлемде жыл сайын 2 миллион әйелге “Жатыр мойны обыры” (ЖМО) деген диагноз қойылады, онкологтардың барлық күш-жігеріне қарамастан, бұл аурудан 800 мың әйел көз жұмады. Бұл жүктілік және босану кезіндегі асқынулардан болатын өлімнен 3 есе көп.
Жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі әдістерінің бірі – адамның папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе жасату. АПВ 90% жағдайда өзі тіршілік ететін жерінде қатерлі ісіктердің дамуына себеп болады. Ғалымдардың есептеулері бойынша, егер әлемде 12 жастағы барлық қыздар АПВ-ға қарсы екпе алса, бұл 690 мың аурудың алдын алып, 420 мың өлім жағдайын болдырмауға көмектесер еді.
АПВ-ға қарсы екпе жасау туралы кейбір мифтерді қарастырайық:
1-миф: АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкеледі.
Бұл – ең көп таралған мифтердің бірі. Ғылыми зерттеулер екпе жасау мен бедеуліктің арасында ешқандай байланыстың жоқ екенін растады. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обыры және қатерлі ісіктің басқа түрлері тудыруы мүмкін вирустардан қорғайды.
2-миф: Екпе тек қыздарға қажет.
АПВ-ға қарсы вакцина тек қыздарға ғана емес, сонымен қатар ұлдарға да ұсынылады. Адамның папиллома вирусы анус, жыныстық мүшелерінің және тамақ обырын тудыруы мүмкін, сондықтан барлық адамдарға қорғану маңызды.
3-миф: Егер АПВ бар болса, вакцина қажет емес.
Егер адам АПВ түрлерінің біреуін жұқтырған болса да, вакцинация вирустың басқа түрлерінен қорғауы мүмкін. Бұл, әсіресе, болашақ ықтимал инфекциялар мен асқынулардың алдын алу үшін өте маңызды.
4– миф: ВПЧ вакциналары қауіпсіз емес
2006 жылы тіркелген сәттен бастап, ВПЧ вакциналарының 270 миллионнан астам дозасы таратылды. Қадағалау барысында қазіргі уақытқа дейін қауіпсіздікпен байланысты ешқандай күрделі мәселелер анықталған жоқ. Вакциналардың қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық консультативтік комитет ВПЧ вакциналарының қауіпсіздік деректерін үнемі талдап отырады және осы уақытқа дейін қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық туғызатын қандай да бір аспектілерді анықтаған жоқ.
5-миф: Вакциналар, соның ішінде ВПЧ вакциналары, тиімді емес
ВПЧ вакциналары бірнеше елде өз тиімділігін дәлелдеді. Мысалы, АҚШ-та вакцинаны енгізгеннен кейін 11 жыл өткен соң, 13-26 жас аралығындағы әйелдер арасында ВПЧ таралуы 81% -ға төмендеді.
АПВ-ға қарсы екпе жасау – жатыр мойны обыры ауруын және АПВ-мен байланысты басқа да ауруларды және олардан болатын өлімді азайтуға апарар маңызды қадам. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат екпе алған миллиондаған адамдарды көп жылдық зерттеу және бақылау арқылы расталған. Мифтерді жоққа шығару және қоғамда хабардар болу деңгейін арттыру болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғауға көмектеседі.