Еуропалық Одақ қаржыландыратын “PRECA” жобасының аясында 2024 жылы 21-22 мамырда Шымкент қаласында (Қазақстан) “Орталық Азиядағы адамдардың жаппай жиналатын жерлеріне және денсаулық сақтау саласына төнетін қауіп-қатерлерге дайындық пен оларға әрекет ету” атты халықаралық штабтық жаттығулар өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде басқару органдарының дайындығын және оларды үйлестіруді нығайту.
Жаттығуға алты елдің – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Моңғолия және Қазақстан елдерінің өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар онлайн режимде де, офлайн режимде де жұмыс жүргізді.
Оқу-жаттығудың негізгі міндеті мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді және басқару органдарының жұмысын тексеру болды. Тренинг барысында қатысушылар ҚР ДСО ҚДСҰО, ТЖМ, СІМ, ІІМ және ДСМ сияқты мемлекеттік органдардағы мамандардың көпшілік іс-шараларды өткізуге байланысты түрлі жағдайларға ден қою тетіктерін пысықтады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының делегациясы мен Еуропалық Одақтың жоғары білікті мамандары химиялық және биологиялық оқиғаларға байланысты мәселелер бойынша тәжірибе алмасты.