Қоғамдық денсаулықты нығайту жөніндегі стратегиялық бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) серіктестікте жасөспірімдер арасында темекіні тұтыну туралы Жаһандық сауалнама (GYTS) жүргізуді бастады.
Мектептерде жүргізіліп жатқан сауалнама жастар арасында темекі шегудің таралуы туралы деректерді жасырын жинау мақсатында 7-9 сынып оқушыларына сауалнама жүргізуге бағытталған. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының Іс-шаралар жоспарын”, сондай-ақ “Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын” іске асырудағы маңызды қадам.
Темекі өнімдерін тұтыну бірқатар созылмалы аурулардың, оның ішінде әртүрлі қатерлі ісік ауруларының, респираторлық және жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторы болып табылады. Пассивті темекі шегудің, өлімді қоса алғанда, денсаулыққа тигізер көптеген жағымсыз әсерлері бар.
“Бұл зерттеу 13-15 жас аралығындағы жастар арасында темекіні тұтынудың ауқымы мен сипатын бағалау, темекіге қарсы ағымдағы шаралардың тиімділігін қадағалау, сондай- ақ темекіге қарсы күрес пен жастардың денсаулығын қорғаудың жаңа, неғұрлым тиімді стратегияларын әзірлеу үшін жүргізіледі”, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Назарова Салтанат.
Сауалнамаларды толтырудың анонимділігі жиналған деректердің құпиялылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.