Ташкентте (Өзбекстан Республикасы) 2024 жылы 22-24 сәуір аралығында жастар көшбасшылары мен Орталық Азия бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері үшін «тең-теңімен» қағидаты бойынша «Басты назарда – достармен бірге» есірткіні қолданудың алдын алу» атты халықаралық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты жастар арасында есірткіні қолданудың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу және «Тең-теңімен» қағидаты бойынша «Достар – басты назарда» жобасын енгізу жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеу болып табылады.
Жоғары қызметтегі қонақтар, соның ішінде Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитеті төрағасының орынбасары, Өзбекстан Республикасы Олий мәжілісінің сенаты Дилором Ташмухамедова ханым, сондай-ақ Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-аналитикалық орталығының өкілдері және басқ. құттықтау рәсімін өткізді.
Қазақстаннан ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) жастар желісінің көшбасшысы Жандос Ақтаев, БҰҰ ЕҚБ жастар желісінің мүшесі Гүлистан Сейдахметова, БҰҰ ЕҚБ жастар желісінің мүшесі Ербол Амантаев, БҰҰ ЕҚБ жастар желісінің мүшесі Дильназ Жекебаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің Мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы Сәуле Сұлтанова қатысты.
Іс-шара аясында Салтанат Назарова жастар арасында нашақорлыққа қарсы күресте Қазақстанның тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда қолданылатын алдын алу шараларымен таныстырды.
Тренингке қатысушылар жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың маңызды мәселелерін, есірткінің зияны туралы хабардарлықты арттыру тәсілдерін және құрдастарында СӨС дағдыларын қалыптастыратын жастар арасында көшбасшыларды дамыту және есірткіні қолданудың алдын алу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.
Іс-шара есірткіні қолданудың алдын алуға мүдделі жетекші сарапшыларды, мамандарды, белсенділер мен жастарды жинады және өзекті мәселелерді талқылауға, ынтымақтастық орнатуға және есірткіні қолданудың алдын алу жоспарының жобасын жасауға мүмкіндік берді.