18 сәуірде ҚДСҰО Басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова гибридті форматта өткен «Адам және дәрі-дәрмек» атты Халықаралық конгрес жұмысына қатысты.
Конгресстің жұмыс барысында ол «Қазақстан Республикасында профилактика саласындағы зерттеулер мен басымдықтар» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанда ИЕА дамуының қауіп факторларына жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық мониторингпен таныстырды:
– Ересектер арасында темекіні тұтыну туралы жаһандық сауалнама (GATS), 2014ж., 2019ж.
– ДДҰ «COSI» бастамасы шеңберінде балалар семіздігін эпидемиологиялық қадағалау, 2015ж., 2020ж.
– ҚР-да жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын зерттеу (HBSC) 2018ж., 2022ж.
– ИЕА (STEPS) қауіп факторларын кезең-кезеңмен эпидқадағалау 2024-2025 жылдары жоспарланып отыр.
«Республиканың қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін халықаралық талаптарға және Қазақстанның қазіргі заманғы міндеттеріне сәйкес осындай ірі зерттеулер жүргізу балалар мен ересектерге медициналық-профилактикалық көмекті жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеудегі маңызды кезең болып табылады», – деп атап өтті Салтанат Абдықадырқызы.
Халықтың денсаулық жағдайының ерекшеліктерін динамикада жүйелі талдау және зерделеу, денсаулыққа тікелей әсер ететін жетекші факторлар мен жағдайларды анықтау қабылданатын шараларды уақтылы түзетуге және олардың тиімділігін бағалауға және елдегі халық денсаулығының алдын алу мен нығайтуға интеграцияланған тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Адам және дәрі-дәрмек» конгресі – бұл әртүрлі ғылым саласы мен клиникалық практикадағы тәжірибе алмасу және маңызды жетістіктермен бөлісу алаңы.
Конгреске қатысу ҚДСҰО-ға Қазақстанда және одан тыс жерлерде профилактикалық іс-шараларды дамытуға және халықтың денсаулығын нығайтуға ықпал ете отырып, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және басқа елдермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.