Бүгін, 2024 жылғы 26 сәуірде Қазақстандағы “Халықаралық бағдарламаларға арналған орталықтар” корпорациясының (ICAP) филиалымен және ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК-мен бірлесіп өткізілген “ИПИБ негізгі аспектілері: медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар және микробқа қарсы төзімділік” тақырыбында бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Аталған семинар жоғары оқу орындары мен техникалық, кәсіптік даярлау оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін өткізілді.
Семинарда медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелер, микробқа қарсы төзімділікпен күресу, стандартты сақтық шараларын қолдану, қолды дұрыс өңдеудің маңыздылығы, инъекция практикасының қауіпсіздігі, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері, қауіпсіздік мәдениеті мәселелері, мультимодальды стратегиялар талқыланды. Сондай-ақ медициналық көмекке байланысты инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері және басқа да тақырыптар қарастырылды.
Семинар шеңберінде медициналық жоғары оқу орындары мен ТжКБ клиникалық мамандықтарының студенттері үшін стандартталған оқыту бағдарламаларын (силлабустар) одан әрі әзірлеу және жетілдіру үшін ИПИБ бойынша ақпарат алмасу және білім беру материалдарын ұсыну өткізілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға оқудың сәтті өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.
#ICAP #ВОЗ #НЦОЗ