ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, Еуропалық иммундау апталығына орай жыл сайынғы «Иммундық профилактиканың өзекті мәселелері» атты республикалық конференция өткізді. Конференция гибридті форматта өтті, жалпы 500-ден астам қатысушының ішінен 100-і офлайн режимде қатысты.
Конференция жұмысына Қазақстандағы ДДСҰ Елдік офисінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) өкілдері, аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің жетекші ғалымдары, эпидемиолог дәрігерлері, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері және облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының иммундық профилактиканы ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар, педиатрия, инфекциялық аурулар, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттері бар жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша оқитын магистранттар қатысты.
Конференция барысында ҚР-да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктері, Қазақстандағы қызылша ауруының өршуіне ден қою, эпидемиологиялық жағдайды болжау, ротавирустық инфекцияның мәселесі, туылғаннан ерекше қажеттіліктері бар балалардың кешенді тәсілі мен профилактикасы, толық иммундау тактикасы, әлемдегі және ҚР-дағы көкжөтелдің эпидемиологиялық және клиникалық аспектілері, АПВ- инфекциясы: аурудың эпидемиологиясы және ауыртпалығы, жатыр мойны обырының алдын алу, халықты иммундау деңгейіне әсер ететін факторлар, тыныс алу жолдарының инфекциялары мен олардың алдын алу мәселелері талқыланды.
2024 жылы 21-27 сәуір аралығында ДДСҰ Еуропалық аймағы аурулардың алдын алу мен өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру үшін Еуропалық иммундау апталығын (ЕИА) атап өтеді. Биылғы ЕИА тағы бір маңызды күн – Кеңейтілген иммундау бағдарламасына (КИБ) 50 жыл толуымен тұспа-тұс келеді. Осы мерекеге орай, науқан аясында КИБ жұмысының елу жылда жасаған тамаша жетістіктері атап өтіледі, осы арқылы бірнеше буын қатарынан вакциналардың көмегімен қауіпті аурулардан қорғалады. Науқанның тағы бір негізгі тақырыбы– осы аурулардың қазіргі және болашақта өршуіне жол бермеу үшін – барлық қоғамдастықтарда егумен әділ қамтудың жоғары көрсеткіштеріне тезірек жету қажеттігі болады.
Жыл сайын бұл іс-шараға (ЕИА) барлық континенттерден 180-нен астам ел қатысады. Екпе жасау – денсаулық сақтау саласындағы ең ұлы жетістіктердің бірі. Екпе жасау бүкіл әлемде инфекциялармен күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде мойындалған.
2024 жылғы ЕИА негізгі хабарламалары/тезистері
Ұрпақты қорғау:
• Вакциналар көп ұрпақтың денсаулығын қорғады;
• Болашақта вакциналар одан да көп адамдарды қамтып, одан да көп аурулардан қорғайды;
• Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғау;
• Әр ұрпақ жақсы өмір сүру үшін вакциналар кез келген жастағы адамдардың денсаулығын қорғайды.