Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде 2024 жылы 11-22 сәуір аралығында ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК мен оның филиалдарының (“Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы, “Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” филиалы) ұжымы мекемелерге бекітілген аумақтарды тазалау, тазалықты сақтау шараларына қатысты. Ғимараттардың ішіне де тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл ұжымның бірігіп, әріптестері мен жалпы қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.