Атырау облысының Құлсары қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, бірақ төтенше жағдай режимі сақталуда.
Су тасқынынан зардап шеккен ауданда халыққа берілетін судың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасуда.
Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде санитарлық-химиялық, микробиологиялық зерттеулерге 500-ге жуық су, тамақ өнімдерінің сынамалары алынды.
Су тасқыны және су тасқынынан кейінгі кезеңдерде халық арасында жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Халық арасында инфекциялық және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке гигиенаны сақтау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулардың су жолымен таралу қаупі ең аз.
ҚР ДСМ ДБҰО су тасқыны кезеңінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын ұстануға кеңес береді.