Бүгін, 22 сәуірде “ИПИБ негізгі аспектілері: медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар және антимикробтық резистенттілік” тақырыбында оқыту семинары басталды, ол 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасады. Семинар жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және оларды азайту мақсатында медициналық ЖОО және ТжКБ клиникалық мамандықтарының студенттеріне ИПИБ жөніндегі білім беру бағдарламасын (силлабус) әзірлеу үшін ИПИБ бойынша оқыту материалын ұсыну.
Семинарды ұйымдастырған: Қазақстандағы ICAP филиалы және ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК.
#ICAP #ВОЗ #НЦОЗ