Конкурс қорытындысы

Медициналық ЖОО, колледж студенттерінің, Қазақстан белсенділерінің арасында «Өмір үшін иммундау» тақырыбында иммундау бойынша ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК конкурсының жеңімпаздарын құттықтауға асығамыз.

Конкурсқа қатысқан БАРШЫҢЫЗҒА шын жүректен алғыс аймтамыз. Шығармашылық жұмыстарыңыз таңқаларлық! Таңдау жасау қиындық тудырды, барлығыңыз жоғарғы деңгейдегі шеберліктеріңізді көрсеттіңіздер және тақырыбымызға бірегей көзқарастарыңызды білдірдіңіздер.

Конкурс бірнеше өлшемшарттар бойынша бағаланды: бейнежазба сапасы, креативтілігі, лайк, комментарий, көрермендерге әсері және берілген тақырыпқа сәйкес келуі.

Сонымен, сіздерге жеңімпаздарды таныстырамыз:
1. @Gulim_dosumova бейнеролигі бірінші орын алды, бұл роликте иммундау тақырыбы шығармашылық тұрғыдан ашылған. Ролик өте тартымды, түсінікті, әдемі және негізгі идеясы қарапайым түрде түсінікті жеткізілген.
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C5V19KnNplK/?igsh=NjZiM2M3MzIxNA==

2. Екінші орын @1qalalyk_emhana_kosshy бейнеоролигіне беріледі. Бұл күнделікті өмірдегі кадрларды өте тартымды көрсеткен және эстетикасы баурап алатын бейнелерді түсірген керемет ролик.
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/p/C5nLbD_sQCN/

3. Үшінші орынға @zhumakhanoova бейнеролигі лайық. Ролик актерлік шеберлігімен тартымды және роликте тарихқа терең мән беріп, шығармашылық тұрғыдан көңіл-күйін білдіре білген.
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/p/C5fmfSDNUK0/

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және конкурсқа қатысқан әрқайсыңызға креативті әрі әсерлі бейнероликтер үшін алғыс білдіреміз!

Сонымен қатар, басты үш сыйлықтан бөлек, еңбектері еленетін тамаша қатысушыларымызға арналған ынталандыру сыйлықтарымыз да бар.

1. @dr.aslan_temirkha
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/p/C4Sk-2nsnPB/
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C4GNIAVs0Hr/?igsh=eGFhazM2b201ZnMz

2. @nu_public_health
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/p/C4OAUvUNjl8/ https://www.instagram.com/p/C4N0lGxtjap/ https://www.instagram.com/p/C4OAqlYtJRD/

3. @zhamilya.s https://www.instagram.com/reel/C4pjLaasAOf/?igsh=NTFxeXA5dHBhZHJu

4. @qazbek_saparbekoff
Ролик сілтемесі: https://www.instagram.com/p/C5NxrMqLihT/

Конкурсқа қатысқан барлықтарыңызға көп рахмет! Еңбектеріңіз біз үшін шабыт көзіне айналды және студенттеріміздің қаншалықты өнерлі екенін көрсетті. Барлық қатысушылар өздерінің дарынын дамыта түсетініне және шығармашылығымен бөлісе беретініне сенімдіміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!