Алматы қаласында, 2024 жылғы 18-19 сәуірде “Қазақстан Республикасының заманауи зертханалық медицинасы: инновациялық технологиялар, клиникалық практикамен шоғырландыру”КАМЛД-2024 Халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтуде.
Форум бағдарламасы жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасын дамытудың қазіргі заманғы трендтері, Қазақстан Республикасында клиникалық зертханалық диагностиканың білім беру бағдарламаларын дамыту, клиникалық практикада зертханалық зерттеулерді ғылыми сүйемелдеу және басқа да мәселелер сияқты зертханалық медицинаны дамытудың қазіргі заманғы трендтеріне арналған. Форум аясында Американдық диагностика және зертханалық медицина қауымдастығы Симпозиумы, “Алматы қ. зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде медициналық және медициналық емес қызметтердің тиімді өзара іс-қимыл моделін іске асыру” және “зертханалық тәжірибеде стандартты операциялық процедураларды әзірлеудің әдістемелік тәсілдері – Ресей Федерациясындағы тәжірибе” тақырыптары бойынша Алматы қ. зертханалық қызмет мамандары КАМЛД және РАМЛД дөңгелек үстелі мен мастер-класс өткізу барысында”.
“Х. Жұматова атындагы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК филиалы осы іс – шараға қатысып, “Микробқа қарсы төзімділікті қадағалаудың ұлттық жүйесі-инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелеріндегі міндеттерді шешудің кілті” атты баяндама жасады. Сөз сөйлеу шеңберінде ҚР ДСМ атынан «Ұлттық денсаулық сақтау орталығы” микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу бойынша өткізілетін ұлттық бағдарламалар, “One Health” шеңберіндегі бірыңғай тәсіл мәселелері жария етті, қол жеткізілген жетістіктер және одан әрі шешу жолдары анықталды.