Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды орындау шеңберінде 2019 жылдан бастап халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған, оның ішінде микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға төзімділігін тежеу жөніндегі шараларды енгізу жолымен бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды мақұлдады және іске асыруда. ҚР ДСМ “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі болып анықталды.
“Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған шаралар туралы” жол картасы (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.22 ж. № 842 бұйрығымен бекітілген) бірыңғай денсаулық сақтау тәсілдерін қамтиды және денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығында антибиотиктерді пайдалануды жақсарту жөніндегі пәрменді шараларды қамтиды, бактериялардың төзімді формаларын тарау мәселелерін көтереді, экологиялық проблема ретінде бірыңғай стратегия құру шараларды қарастырады.
Жол картасы пункттерін іске асыру мақсатында “Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” филиалы “USAID” халықаралық ұйымының қолдауымен “бірыңғай денсаулық” білім беру бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 12 сәуірде Түркістан қаласында үш сектордың – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандарын оқытты. Антимикробтық препараттарға төзімділік, антибиотиктер мен микробқа қарсы препараттарды қолдану принциптері, төзімділіктің қалыптасу себептері, төзімділіктің өсуін тежеу әдістері, микробқа қарсы төзімділік проблемасының зертханалық аспектілері, зертханалық диагностика әдістері талқыланды.
Оқу барысында тыңдаушылардың қызығушылығына қол жеткізілді, бар проблемаларды белсенді талқыланды, практикалық тәжірибе алмасты, тұрақтылық мәселесін тереңірек түсінiп, түрлі ведомстволардың мамандары арасында байланыс орнатылды.