Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының санитарлық дәрігері О. Рашқанов ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Сапар барысында аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды тіркеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бағалау жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары мен өршу қаупін түсіндіру, уақытша орналастыру пункттерінде санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау жұмыстары жөнінде халықпен кездесу өткізілді.
Уақытша орналастыру пункттерінде тамақ өнімдерінің сынамаларын іріктеп алды.
Су тасқыны кезіндегі ауыз судың сапасы туралы мәселе күнделікті бақылауда тұр, берілетін ауыз судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде 2024 жылы 26 наурыздан бастап санитариялық-химиялық көрсеткіштерді, бактериологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық, аса қауіпті инфекцияларды анықтау үшін орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен 500-ге жуық су сынамасы алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың өршу қаупі аз.
Эпидемиологиялық ахуал тұрақты, жіті ішек инфекциялары, сальмонеллез, А вирустық гепатиті, аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
ҚР ДСМ ҚДСҰО су тасқыны кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің келесі сілтеме бойынша жарияланған ресми ұсынымдарын ұстануға кеңес береді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/738328?lang=ru