Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының эпидемиолог дәрігері Толеуов Ақан ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Атырау облысына барды.
Сапар барысында аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды тіркеу бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау, адамдарды уақытша орналастыру пункттерінде қауіпсіздік шараларын және инфекциялық аурулардың бұрқ ету қаупін, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау қажеттілігін түсіндіру үшін халықпен кездесулер жүргізілуде.
Облыс бойынша ахуал күрделі болуда. Мониторинг шеңберінде микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 200-ден астам сынама алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сумен байланысты инфекциялық аурулардың бұрқ ету қаупі анықталмады. ҚР ДСМ ҚДСҰО су тасқыны кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің келесі сілтеме бойынша жарияланған ресми ұсынымдарын ұстануға кеңес береді: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/738328?lang=ru