2024 жылдың 8- 12-сәуір аралығында Еуропалық аймақтық ДДСҰ бюросының және АҚШ-тағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) өкілдері Қазақстанға тұмау мен ЖРВИ бойынша интеграцияланған шолғыншы эпидемиялық бақылау, сондай-ақ тұмауға және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның тиімділігін бағалау бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулерді мониторингілеу мақсатында сапармен келді. Сапар барысында Астана және Алматы қалаларындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг бойынша Ғылыми-практикалық орталығының филиалдары, сондай-ақ Ұлттық экспертиза орталығының филиалдарына барып, зерттеуге қатысатын шолғыншы орталықтарына барды.
Сапар барысында кенес мүшелері интеграцияланған күзеттік эпидемиялық бақылау жүйелерінің бар болуы және тұмау мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның тиімділігін зерттеу жұмыстарымен танысып, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
СЭСжМҒПО филиалында жұмыс кеңестері және сапардың нәтижелері бойынша қорытынды кеңес Астана қаласындағы Ұлттық орталығында өтті, оған Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сарапшылары қатысты.