Жыл сайын 7 сәуірде бүкіл әлемде 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization,WHO) жарғысы қабылданған күні құрылған Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) атап өтіледі. Бұл күн дәстүрлі түрде денсаулықты күтуге және әртүрлі аурулардың алдын алуға, аудиторияны физикалық және психикалық денсаулықты сақтау үшін негізгі дағдылар мен білім туралы кеңінен ақпараттандыруға арналған.
Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы “Менің денсаулығым, Менің құқығым” әр адамның қай жерде болмасын, сапалы медициналық көмекке, білім мен ақпаратқа, сондай-ақ қауіпсіз ауыз суға, таза ауаға, дұрыс тамақтануға, сапалы баспанаға, лайықты еңбек жағдайларына және экологиялық жағдай мен кемсітушіліктен бостандыққа құқығын бекітуге ықпал етеді.
2024 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мемлекет бойынша медициналық мекемелерде “Ашық есік күндері” ұйымдастырылуда, жалпы білім беретін мектептерде денсаулық сақтау сабақтары, түрлі спорттық жарыстар және денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыруға, жұқпалы емес аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған халық арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтілуде.
“Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты”, – деп атап өтті ҚР Президенті Қ.Тоқаев.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының зерттеуіне сәйкес, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін 2022 жылдың қорытындысы бойынша 31,4% құрады.
Мықты денсаулық пен белсенді ұзақ өмір сүрудің негіздері дұрыс өмір салты, вакцинация, диспансерлеу, тұрақты профилактикалық тексерулер болып табылады. Адамның өзі белсенді өмірлік ұстанымға ие болуы керек-күннің ұтымды режимін ұстану, теңдестірілген тамақтану, оңтайлы қозғалыс белсенділігін сақтау, қатайту процедураларын үнемі орындау, жаман әдеттерден арылу.
Бүгінгі таңда Қазақстанда “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” жобасына 1677 мектеп қатысуда. “Салауатты жұмыс орындары” жобасына 215 ұйым мен кәсіпорын қатысады. “Салауатты университеттер” жобасына 27 оқу ұйымы қатысады.
Еліміз бойынша жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық–психоәлеуметтік қызметтер көрсететін 141 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. МДО өз қызметінде денсаулықты сақтауға, жасөспірімдер арасындағы қауіпті мінез-құлықты төмендетуге, әлеуметтік сүйемелдеуге және ізгі ниет, қол жетімділік, еріктілік және сенім қағидаттары негізінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді технологияларды пайдаланады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 838 859 жасөспірім мен жастар ЖДО мамандарына жүгінді.
Қазақстан Республикасында темекіні тұтыну туралы (GATS, 2019 ж.) ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасына сәйкес, халық арасында темекіні тұтыну 21,5% құрады, бұл 2,8 млн ересек адам.
2023 жылы заңнамалық деңгейде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы шеңберінде тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу жөніндегі нормалар енгізілді. Сондай-ақ, осы норманы сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар, құрамында қант бар сусындарға акцизді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, жағдайды бағалауда және реттеу шараларын қабылдауда “STEPS”, “СОЅІ” балалардағы семіздік әдістемесі бойынша жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларының таралуын анықтау бойынша зерттеулер жүргізу және мектеп жасындағы балалардың өз денсаулығына қатысты мінез-құлқын бағалау (HBSC) маңызды болып табылады.
2024 жылы иммундаудың кеңейтілген бағдарламасы аясында ұрпақтарға вакциналардың артықшылықтарын бергеніне 50 жыл толады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, вакцинация бағдарламаларының арқасында жыл сайын 6 миллион баланың өмірін сақтап қалуға болады және 750 мың бала мүгедек болмайды. Вакцинация жыл сайын адамзатқа 400 миллион қосымша өмір береді.
Дүниежүзілік денсаулық күні-әрқайсымыз үшін физикалық белсенділікті арттыру, дұрыс тамақтану және жаман әдеттерден бас тарту пайдасына өмір салтымызды қайта қараудың тамаша себебі.