Қазақстанда электронды пайдалану жүйелерінің (вейптердің) таралуы мен қолданылуының, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында таралуы мен қолданылуының жоғары қарқыны байқалады.
Мемлекет Басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда прогрессивті ұлт халық денсаулығына және елдің халықаралық имиджіне кері әсерін тигізетін ескі әдеттерден аулақ болуы керек екені туралы айтып өткен болатын.
Электронды сигареттер (вейптер) – бұл жұту үшін бу шығаратын жоғары дисперсті құрылғылар. Электронды сигареттерге арналған сұйықтық никотиннен тұрады, концентрациясы өзгеріп отырады. Вейпингке арналған аэрозольдерде өнеркәсіптік химиялық заттарды қосқанда, өндірушілер анықтамаған, белгісіз 1000 химикат болады (Джон Хопкинс университеті ғалымдарының зерттеу деректері бойынша). Вейпинг процесінде болатын химиялық реакциялармен байланысты қауіп анықталды, құрылғының никотин мен хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтық ысытатын металл компоненттері бу шығара отырып, уытты металлдарды да бөледі. Мұндай металлдарға күшән, хром, никель және қорғасын, белгілі канцерогендер жатады. Бұл металлдардың әсері қырылмен, жөтелмен және демікпемен бірге болатын тыныс алу мүшелерінің қабынуын да тудыруы мүмкін. Ешқандай темекі өнімдерін пайдаланбаған адамдармен салыстырғанда темекі тартатын адамдарда респираторлық аурулардың өршу қаупі жоғары. Вейпингтен болатын қабыну, әдетте, бір ай уақыт ішінде жүреді, өйткені будың нанобөлшектері өкпе тініне біртіндеп енеді, вейптерде болатын химиялық заттар да тотықтырғыш стресс тудыруы мүмкін. Вейпинг 30 минуттың ішінде-ақ тотықтырғыш стресс деңгейін ешқашан оның темекі тарпағандарда болатын бастапқы деңгейімен салыстырғанда екі-төрт есе жоғарылатқан. Сигарет сияқты вейптердің де қаупі – олардың құрамында никотиннің болуына байланысты тәуелділікке әкелуінде. Сигарет сияқты вейптің күштілігі де әр түрлі болады, алайда ең күшті вейптерде мл бойынша 20 мг никотин болады. Осылайша, көлемі 2 мл вейпте 40 мг никотин болады. Бұл күшті бір вейпте никотин деңгейі 20 сигарет салынған екі қорап темекі тартқандай деңгейде болатындығын білдіреді. Никотиннің балалар мен жасөспірімдерге тигізетін мұндай әсері мидың және жүйке жүйесінің ұзаққа созылатын қатты бұзылуларына әкелуі әбден мүмкін.
Алғашқыда «темекі тартудан құтылудың жолдары» ретінде жарнамаланған вейптер мен электронды сигареттер қауіпке айналды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдің офисімен бірге 2022 жылы оқушылардың өз денсаулығына және әл-ауқатына қатысты мінез-құлықтарына жүргізген мониторингке байланысты Ұлттық зерттеу деректері бойынша еліміздегі жасөспірімдердің 6%-ы сигарет тартып көрген, бұл сан 11 жастан 15 жасқа дейін 2,7 есе артады. Балалардың 9,8%-ы электронды сигарет (вейп) тартады, бұл сан жас өсе келе ұл балалардың, сонымен қатар қыз балалардың да арасында 13 жастан 15 жасқа дейін 2 есе артып отыр. Балалардың 7%-ы ішімдік ішіп көрген немесе ішіп келеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда вейптердің және лудоманияның қауіптері туралы тақырыптар мектеп бағдарламасына кіретін болады. Салауатты өмір салтының қағидаттары дүниетану (1-4 сыныптар) және жаратылыстану (1-6 сыныптар) сабақтарында үйретіледі, темекі тарту және есірткі пайдалану зияны туралы биология сабақтарында (7-9 сыныптар) айтылады. Балалар педагогтардан, медицина және полиция қызметкерлерінен денсаулықты сақтау туралы ақпарат алады. Сонымен қатар, электронды сигаретттердің таралуына қарсы күрес жұмысына мүдделі тұлғалар-кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік мекемелер тартылатын болады.
Қазіргі уақытта темекі тартудан және вейпингтен бас тартуға байланысты көмекті халық темекіге қарсы күрес кабинеттерінде/орталықтарында алатын болады, олар емдік-профилактикалық мекемелер (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт және басқ.) базасында профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінің құрамында темекі тастағысы келетіндер үшін мамандандырылған көмек көрсету үшін барлық жерлерде ашылып жатыр. Темекіге қарсы күрес орталықтарының жұмысына тар бейінді мамандар: невропатолог, нарколог, психолог, психотерапевтер де тартылады.
«Зиянсыз темекі тарту түрлерінің» болмайтынын, ал симптомдардың болмауы организмге зиянды әсер етпейді дегенді білдірмейтінін түсіну керек. Денсаулығыңызды сақтаңыз, Сіздің денсаулығыңыз – сіздің құқығыңыз!!!!