ҚДСҰО «Өмір сүру үшін иммундау» атты иммундау бойынша үздік бейнероликке конкурс жариялайды

ҚДСҰО медициналық ЖОО, колледж студенттері мен Қазақстан белсенділері арасында «Өмір сүру үшін иммундау» иммундау бойынша үздік бейнероликке конкурс жариялайды.

Үш апта ішінде (19 наурыздан 10 сәуірге дейін) шығармашылық қабілеттеріңізді ашуға, идеяларыңызбен бөлісуге және өз дағдыларыңызды көрсетуге мүмкіндігіңіз бар.

Конкурсқа қатысу үшін креативті және назар аудартатындай бейнеролик жасап, өз парақшаңызда жариялау керек және #ҚР ДСМ#ҚДСҰО#иммундау хэштегімен ncph_kz парақшасын белгілеуіңіз қажет.

Бейнежазбаны бағалау мынадай өлшемшарттарға негізделетін болады:
Бейнежазбаның креативтілігі
Лайк саны
Репост саны
Бейнежазбаның сапасы
@ncph_kz парағына жазылуыңыз қажет

Конкурс жеңімпаздары сыйлықтар және “Еуропалық иммундау апталығы” атты конференцияға (Алматы қ.) қатысуға мүмкіндік алады.

Конкурс 2024 жылы 19 наурыз- 10 сәуір аралығында өтеді.

Конкурс қорытындысы 15 сәуірде жарияланады !

Үздік бейнероликтер ҚДСҰО ресми парақшасында жарияланады!

Конкурсқа қатысыңыз және өз талантыңызды көрсетіңіз!

Сәттілік!