Өскелең ұрпақ арасында денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Жастар денсаулық орталықтарының мамандары 2023 жылы
1 025 928 адамды қамтитын 113 538 іс-шара өткізді. Іс-шараларға семинар, тренин, акция, дөңгелек үстел, конференция, денсаулық мектептеріндегі сабақтар, ашық есік күндері, ата-аналар жиналысы, пікірталас, дебат, кездесу, консультация, конкурс, спорттық іс-шаралар, интерактивті тренингтер, қашықтықтан өткізілетін консилиумдар және басқа да іс-шаралар жатады.
Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдер мен жастар гинеколог, уролог, дерматовенеролог, терапевт, педиатр сияқты әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерден, психолог, әлеуметтік қызметкерлерден медициналық, психологиялық-әлеуметтік көмек, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша заңгерлерден консультация алады.
17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша, 2023 жылдың соңында республикада 141 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Жастар денсаулық орталықтарының мамандарына жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны – 838 859, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% -ға көп.
Жас топтары бойынша 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар өтініш білдіргендердің жалпы санынан 21,7%, 15-18 жас аралығындағылар – 43,6%, 19-24 жас аралығындағылар -21,9% және 25-29 жас аралығындағылар -12,8% құрады.
Жастар денсаулық орталықтарына келіп түскен өтініштерді талдау жасөспірімдер мен жастардың, ең алдымен, психологтарға (32,1%), гинекологтарға (19,2%), дерматовенерологтарға (7,7%), урологтарға (7,4%), әлеуметтік қызметкерлерге (5,7%), терапевттерге (11,5%), педиатрларға (7,0%) және заңгерлерге (0,7%) жүгінгенін көрсетті.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 118 581 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде телехабарлар, бейне- және аудиороликтер, сыртқы жарнамалар, баспа басылымдарындағы мақалалар, веб-сайттар мен әлеуметтік желілердегі ақпараттар бар.
Жастар денсаулық орталықтары жұмысының маңызды аспектісі – ақпараттық-коммуникациялық материалдарды тарату. 2023 жылы осындай 616 668 материал таратылды, оның ішінде инфографикалық буклет, плакат, парақша, брошюра, көрме, стенд, санбұрыш, санбюллетеньдер және т.б.
Жастар денсаулық орталықтары жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Олар өмірде жауапты шешімдер қабылдау және салауатты өмір салтын дамыту үшін қажетті білімдерін көрсетеді, консультация береді, қолдау білдіреді. Мұндай кешенді тәсіл жастардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді.