ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҰТО) “Назарбаев Университеті” дербес білім беру ұйымымен (бұдан әрі – “НУ”ДБҰ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Астана қаласында Назарбаев Университетінің қабырғасында ҚР ДСМ ҰКО Басқарма Төрағасы Манар Смағұл мен “НУ” ДББҰ Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньателлидің ресми кездесуі өтті.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері мен жоспарлары талқыланды, атап айтқанда:
– Екі тараптың ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетін интеграциялау негізінде денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
– Студенттермен де, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен де әртүрлі деңгейдегі бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу. Алынған нәтижелер теорияда (білім беруде) және тәжірибеде қолданылады.
– Тәжірибе, ғылыми және практикалық ақпарат алмасуға, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға бағытталған конференциялар, мастер-кластар, семинарлар, көрмелер, форумдар нысанында ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.