Ересек тұрғындар арасында темекіні тұтынуды жаһандық зерттеу (GATS) Қазақстанның темекіге қарсы күрес жөніндегі шараларды бағалаудағы, темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді пайдаланудың алдын алу жөніндегі кешенді ұлттық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудағы мүмкіндіктерін мониторингтеуге және нығайтуға бағытталған 15 және одан жоғары жастағы адамдар арасындағы ұлттық өкілдік зерттеу болып табылады.
2019 жылы Қазақстанда осы зерттеудің бірінші раунды өтті. Екінші раунд 2025 жылға жоспарланған.
24 қаңтарда виртуалды кездесу өткізілді (ZOOM платформасы арқылы), онда GATS зерттеуінің екінші раундын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының басшылығы, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері, сондай-ақ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) қатысты.
Кездесу нәтижелері бойынша Тараптар зерттеу жүргізу шеңберіне қатысты келісімге қол жеткізді, зерттеуді іске асыру жоспарын және интервьюерлерді бағдарлап оқытуды жүргізу мерзімдерін әзірледі.
CDC қоры мен ДДҰ Қазақстанда осы зерттеуді қолдауға дайын екендіктерін білдірді.