16-17 қаңтарда Астанада балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде екі күндік (офлайн және онлайн Zoom) семинар өтті.
Оған мемлекеттік органдар мен министрліктердің түрлі ведомстволарының өкілдері, білім басқармаларының өкілдері, педагогтер, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, сонымен қатар Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары қатысты.
ҚР Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Жамбекқызы Оспанова семинарды ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде тиімді жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара бағдарламасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Ж.К. Қалмақова “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Баяндамасында мектеп әкімшілігін, қызметкерлерді, оқушылар мен ата-аналарды белсенді түрде тартуды көздейтін, сондай-ақ осы тәсілдің негізгі қағидаттарын, оны іске асыру құралдары мен кезеңдерін көздейтін “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” тұжырымдамасын енгізу стратегиясы туралы айтты. Сонымен қатар, елімізде осы тұжырымдаманы енгізу жұмыстары жөнінде ағымдағы жағдайға шолу жасады.
Ұйымдастырушы: “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты.