Республикада қызылша инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары, халықты жоспарлы және қосымша иммундау қарқыны туралы ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Манар Смағұл ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте айтып берді.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы тәртіппен және ҚМИ шеңберінде тиісті адамдарға вакцинациялау жүргізіледі:
– қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау (ДДҰ ұсынған 11 айда кемінде 87% кезінде 1 жастағы балалардың 94%-ы және 6 жастағы балалардың 93%-ы қамтылған);
– 30 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған байланыста болған адамдардың ошақтарында вакцинациялау (26 мыңнан астам адам егілді);
– бұрын екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау (165 мыңнан астам адам егілді);
– ҚМИ-949 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық балалар 109 мыңнан астам, 2-4 жас аралығындағы балалар – 638 549. Яғни, күн сайын орта есеппен 21 мыңнан астам адам вакцина алады.
“Қазіргі уақытта қызылша бойынша ахуал тұрақты бақылауда, барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда”, – деп түйіндеді ҚДҰО басшысы.