2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың салауаттылығын арттыру» 91-тармағын орындау бойынша Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарушы директоры Назарова Салтанат Абдықадырқызының, Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Түркістан облысы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, оның ішінде: Дене белсенділігі және аз қимыл өмір салтының алдын-алу әдістемелік ұсынымдарды енгізу, «Салауатты тамақтану бойынша кәсіпорындар желісін дамыту», «Салауатты асханалар», «Салауатты бистро», «Салауатты дүкен», «Салауатты кафетериилер», «Салауатты тамақтану кәсіпорындары» желісін дамыту бойынша мүдделі ведомстволармен талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстелде аталған мәселелер бойынша бірқатар сұрақтарға жауап алынып, мүдделі ведомстволармен бірлесіп жұмыс жүргізу үшін тапсырмалар берілді.