Вакцинация науқаны басталғаннан бері 323 мыңнан астам адам егілді, 8-9 желтоқсан аралығында 49 мыңнан астам адам вакцина алды.
2023 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылшаның 22 017 расталған жағдайы тіркелді, оның 80.5% – ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Тек соңғы аптада 2546 жағдай тіркелді, оның ішінде демалыс күндері 342.
Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ата-аналардың назарын балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуына аударуды сұраймын. Вакцинация болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.