Бұл аурудың нақты емделуі жоқ және бұл қауіпті инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу.
Вакцина алу науқаны басталғаннан бері 273 мыңнан астам адам егілді, соңғы тәулікте 24 мыңнан астам адам вакцина алды.
2023 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылшаның 21 320 расталған жағдайы тіркелді, оның 67,7% вакцина алмаған адамдар. 81,0% – 14 жасқа дейінгі балалар, тек соңғы аптада 2459 жағдай, оның ішінде соңғы тәулікте 764 жағдай тіркелді.
“Вакцина алғаннан кейін адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек, өйткені иммунитетті қалыптастыру үшін екі апта қажет. Қызылшаның салдары олардың асқынуларына алып келеді. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуінде қызылша энцефалиті дамуы ықтимал”, – деп атап өтті «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының” Басқарма төрағасы Манар Смағұл.
Сонымен қатар, қызылша иммундық жадты өшіру қабілетімен танымал, бұл денені жаңа инфекцияларға неғұрлым осал жасайды. Ол вакцина алғаннан немесе бұрын болған аурулардан кейін жинақталған иммунитетті әлсіретуі мүмкін, бұл ЖРВИ, тұмау және COVID-19 сияқты басқа инфекциялармен ауыру қаупін арттырады.
“Алайда, осы уақытқа дейін қазақстандықтардың арасында вакциналардың кез келген түріне сенімсіздікпен қарайтындар жеткілікті және олар вакцина алғаннан қарағанда ауырып тұруды жөн көреді.
Бұл антиваксерлердің ең алдымен балаларының алдындағы жауапкершілігі. Олар өз баласының өмірге, денсаулыққа және болашаққа құқықтарын бұзады. Себебі қызылша асқынуларға алып келеді. Ең қорқыныштысы – нәресте сауығып кеткендей болған көрінген жағдайда, вирус денеде сақталып қалып, 5-7 жылдан кейін склерозды паненцефалитті (мидың зақымдануымен өлімге әкелетін ауру, психикалық деградация мен құрысуларды тудырады) тудыруы ықтимал. Бұл қауіпті жасырын асқынулардың бірі және ресми статистикамен расталғандай, мың баланың біреуі осындай асқынуға бейім”, – деп толықтырды Манар Асырқызы.