Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (МККИ) әлемнің барлық елдері үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтаудыағы аса өзекті проблемаларының бірі болып қалуын жалғастыруда.
МККИ-ді тіркеудің, инфекцияның алдын алудың, инфекциялық бақылаудың заманауи тәсілдерін енгізу мақсатында елімізде практикалық денсаулық сақтау мамандарын тұрақты оқыту жүргізіледі.
Оқыту гибридті форматта өткізілді. Санитарлық – эпидемиологиялық бақылаудың өңірлік департаменттері мен аудандық басқармаларының (Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласы) эпидемиологтары қатысты.
Соңғы үш жыл ішінде ICAP жобасы шеңберінде, оның барысында жоғары буын менеджерлерін, клиницист дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін және Қазақстанның барлық өңірлерінің эпидемиолог дәрігерлерін қоса алғанда, практикалық денсаулық сақтаудың 204 маманы оқытылған 10 оқыту циклі өткізілді.
Алынған білім мен практикалық дағдылар аталмыш оқыту курстарынан өткен мамандарға Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі өз жұмыс орындарында ИИБП және МККИ алдын алу бағдарламаларын неғұрлым тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар: ICAP жобасының техникалық қолдауымен ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.