Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарды ауа-райының нашарлауы кезінде саны күрт ұлғайып отырған көшедегі жарақат алудың қаупі туралы ескертеді. Елордада көктайғақ байқалуда. Жарақат алып қалмау үшін келесі ұсынылған нұсқауларды орындаңыз:
– Ыңғайлы, сырғанамайтын өкшесі төмен аяқ киім киіңіз. Биік өкшелі аяқ киім адамның құлау қаупін арттырады.
– Асықпай, табаныңызды толығымен басып, абайлап жүріңіз. Сондай-ақ, аяқтар сәл босаңсыған қалыпта, қолдар бос болуы тиіс (қалтаға салмаңыз); Жүріс неғұрлым жылдам болса, құлау қаупі соғұрлым жоғары болатындығы есіңізде болсын.
– Мұзда арнайы сырғанаудың қажеті жоқ — бұл табанға мұз қатуын күшейтеді.
– Егде жастағы адамдар “тайғақ күндерде” үйден мүлдем шықпағандары дұрыс. Алайда, қажет болса, ұшы резеңке немесе тікенек таяқшаны алып, аяқ киімнің табанына сырғуға қарсы арнайы төсемелерді (аяқ киімге арналған мұзға қарсы құрал) қолданған жөн.
– Көктайғақ кезінде тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық көлік аялдамаларының отырғызу алаңдары, көпір құрылғыларының баспалдақтары ерекше назар аударуды талап етеді;
– Егер Сіз тайып кетсеңіз, жиналып, аунап, жерге құлағандағы алатын соққыны жұмсартуға тырысыңыз;
– Көктайғақ кезінде ЖКО саны да артады. Қар жауғанда және көктайғақ кезінде жолдың жүріс бөлігінен жүгіріп өтпеңіз. Есіңізде болсын, мұзда көліктің тежеу жолы айтарлықтай артады және қозғалыстағы көліктің алдында құлау кем дегенде жарақатқа және өлімге әкелуі ықтимал.
– Жолдардағы апатты жағдайларды болдырмау үшін автокөлік жүргізушілері жылдамдық тәртібін, арақашықтықты сақтаулары және өте мұқият болулары қажет;
– Мұздағы негізгі жау — жылдамдық. Дәл осындай жағдайда “Асықпаған арбамен қоян алады” деген мақал қолданылады. Қозғалыс жылдамдығы неғұрлым төмен болса, көлік те сізге соғұрлым бағынады;
– Ауа-райы нашарлаған жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, балаларға, мүгедектерге, қарт азаматтарға ерекше назар аударыңыздар.
Көктайғақ кезінде және жолда қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды!