2023 жылғы 8-11 қараша аралығында Қоғамдық Денсаулық сақтаудағы Төтенше жағдайлар Жөніндегі Жедел Орталықтың бас маманы Сауран Ердесов Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен бірлескен жұмыс барысында алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін «Біздің тамағымыз, біздің денсаулығымыз, біздің жеріміз: Адамзатқа арналған тұрақты болашақ» (OUR FOOD, OUR HEALTH, OUR EARTH: A SUSTAINABLE FUTURE FOR HUMANITY) Қоғамдық денсаулық сақтаудың 16-шы еуропалық конференциясында ұсынды Дублин, Ирландия.
Конференция барысында көшбасшылардың денсаулық сақтаудағы тұрақты болашақты қалыптастыруға бағытталған маңызды тезистері атап өтілді:
• Біртұтас Тәсіл: Тиянақталған шешімдерді қабылдау үшін азық-түлік, денсаулық және планетаның әл-ауқаты арасындағы байланысты мойындаудың маңыздылығы.
• Тұрақты Даму туралы Заңнама: Азық-түлікке қол жетімділікті және табиғи ортаны сақтауды қамтамасыз ететін жасыл ауылшаруашылығын қорғайтын заңдарды қолдауға шақыру.
• Білім мен Хабардарлықты Қолдау: Азық-түлік жүйесі, денсаулық және экологиялық әл-ауқат арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өту.
• Сектораралық Ынтымақтастық: Тұрақты болашақ құру үшін әртүрлі салалар арасындағы өзара әрекеттестікті қолдауға шақыру.
Бұл тезистер біздің планетамызды қолдауға және адамзаттың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау саласындағы жаңа стандарттарды анықтайды.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Гарипов Абдужаппар Эркиновичке осы маңызды ғылыми оқиғаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Конференция жоғары деңгейде өтті, біздің білім қорымызды тәжірибе алмасу және саланың жетекші өкілдерімен әріптестік барысында алынған құнды біліммен толықтырды.