20 қарашадан бастап Қазақстанда ДДҰ қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ұйымдастырған ересек тұрғындардың арасында инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларын зерделеуге бағытталған ұлттық STEPS зерттеуі басталады.
Инфекциялық емес аурулар (ИЕА) әлемнің барлық дерлік елдері үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалардың бірі болып табылады.
Біздің еліміз үшін ИЕА-ның 4 тобы (жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу ағзаларының аурулары, қант диабеті) басымдыққа ие, еңбекке жарамсыздықтың, сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің негізгі себебі болып қала береді және елдегі халықтың мерзімінен бұрын қайтыс болуының барлық жағдайларының 80%-ын тудырады. Осыған ұқсас үрдіс бүкіл әлемде байқалады.
Бұл аурулардың негізгі себептері темекіні пайдалану, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің болмауы және алкогольді шамадан тыс тұтыну сияқты мінез-құлық қауіп факторлары болып табылады.
STEPS зерттеуі бағдарламалық іс-шараларды жоспарлау және елдегі ИЕА төмендету саясаты үшін ИЕА қауіп факторларының таралуы мен мониторингін зерттеуге бағытталған.
Республика бойынша ұлттық зерттеу 18 жастан 69 жасқа дейінгі ересек тұрғындарды қамтиды. 3300 үй шаруашылығына бару жоспарлануда.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады:
Инфекциялық емес аурулармен байланысты мінез-құлық қауіп факторларын бағалау үшін қатысушылардың үйде сауалнамасы.
Антропометриялық өлшеулер, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыс көрсеткіштерін жүргізу.
Қанның биохимиялық параметрлерін өлшеу (сынақ жолақтары арқылы глюкоза мен холестеринді анықтау).
Сауалнаманы интервьюерлер мен медицина қызметкерлерінің тобы жүргізеді. Сұхбат берушілер бойды, салмақты, бел шеңберін, қан қысымын және жүректің соғу жиілігін өлшейді, сонымен қатар қант пен холестеринге жедел қан талдауын жүргізеді.
Интервьюерлер мен медицина қызметкерлерінің айырым белгілері:
Ұйымның фотосуреті мен мөрі бар ресми куәлік/бейдж.
STEPS логотипі бар тиісті жабдық (қалпақ пен сөмке).
Сұхбат берушілер 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін пәтерлерге, үй шаруашылықтарына барады.