Астана қаласының тұрғынына “Сібір ойық жарасы” диагнозы қойылды деген күдікке байланысты ол елорданың инфекциялық аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды.
Пациент уақтылы профилактикалық ем алды. Аурудың клиникалық белгілерінің болмауын, пациенттің денсаулығының тұрақты қанағаттанарлық жағдайын ескере отырып, клиницистер “Сібір ойық жарасы” алдын ала қойылған диагнозды растаған жоқ.
Сонымен қатар, үздік сарапшы инфекционист дәрігерлерді, жетекші ғалымдарды (М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы), санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарын тарта отырып, осы жағдайды талдау бойынша қосымша консилиум өткізілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша диагноз алынып тасталды.
Бүгінгі таңда пациент қанағаттанарлық жағдайда стационардан шығарылды.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/653990?lang=kk