Өткен демалыс күндері Алматы қаласында орталық аппарат пен филиал командаларының арасында шағын футбол мен волейболдан жарыс өтті.
Спорттық кездесулердің негізгі мақсаты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау, командалардың ішінде ұжымшылдық пен тілектестік сезімін қалыптастыру, спорттық дағдыларды жақсарту, ұжымда жағымды және қолдау білдіруші атмосфера қалыптастыру болып табылады.
Спортшылардың спорттық рухын қолдауға филиал директоры – Айнагүл Мұқанқызы Қуатбаева және Басқарма Төрағасының кеңесшісі – Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов келді. Ойын әсерлі және қызықты өтті. Алаңда қызуқанды құмарлық пен шиеленістер басым болды.
Волейбол мен футбол бойынша жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды орталық аппарат ал екінші орынды филиал командасы иеленді.
Үздік спортшылар спорттық шеберліктері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл жарыстар қатысушылардың спорттық рухы мен талантын ғана емес, сонымен қатар спорттық күрестегі күшті, төзімділікті, ұйымшылдықты да айрықша көрсете білді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды аталмыш спорттық шараның табысты аяқталуымен құттықтаймыз!