Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг пен болжам жасауды іске асырады.
Бүгінгі күні 1 505 511 жағдай тіркелді, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап – 11 775 жағдай. Соңғы аптада COVID-19-41 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылдың қазан айында өткен аймен салыстырғанда тіркелген жағдайлар санының төмендеуі байқалады.
Қазақстан Республикасында айналымдағы COVID-19 штаммдарына геномдық қадағалау жүйелі түрде жүзеге асырылады. Соңғы жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша XBB (53%), EG.5 «Эрис» (26%) штаммдарының айналымы анықталды.
ДДСҰ қазіргі уақытта бірнеше SARS-CoV-2 нұсқаларын, соның ішінде үш қызығушылық тудыратын келесі нұсқаларға (ҚТН) – XBB 1.5, XBB.1.16 және EG.5 және бақылаудағы және алты нұсқаға (VPM): BA.2.86, DV.7, XBB, XBB.1.9.1, XBB.1.9.2, XBB.2.3. нұсқаларын бақылау жүргізуде. Жаһандық ауқымда барлық ҚТН ДДСҰ-ның барлық аймақтарда анықталды, ал EG.5 87 ел хабарлаған ең көп таралған ҚТН болып қала береді.
Бақылаудағы барлық нұсқалар Омикронның “ұрпақтары” болып табылады, жалпы алғанда өте жұқпалы. Жөтел, шаршау, мұрынның бітелуі және мұрынның ағуы сияқты Омикрон инфекциясымен байланысты негізгі белгілер байқалады.
COVID-19 вирусының барлық нұсқалары сияқты, вакцина алу SARS-CoV-2 инфекциясының ең ауыр зардаптарынан қорғанудың ең жақсы әдістерінің бірі болып табылады. Вакцина алу сіздің иммундық жүйеңіздің қазіргі айналымдағы штаммдарды байқауға және оларға шабуыл жасауға дайын екендігіне кепілдік бере алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы барлық осал топтарға, әсіресе 65 жастан асқан, иммунитеті төмен немесе жүрек ауруы, өкпе ауруы және қант диабеті сияқты созылмалы аурулардан зардап шегетін барлық осал топтардың тұмау мен COVID-19-ға қарсы вакцина алудың қажеттілігін естеріне салады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық сақтау орталығы тұмау мен COVID-19-ды интеграцияланған қадағалау шеңберінде тұмау вирусы мен SARS-CoV-2 айналымын және осы ауруларға байланысты медициналық көмекке жүгіну деңгейін бақылауды жалғастыру үстінде.