Қазақстанда тұмау және ЖРВИ-мен науқастануға мониторингілеудің тиімді жүйесі бар, қазіргі таңда республикасы аумағында маусымдық А (H3N2) тұмауының айналымы анықталды. Тұмаудың алғашқы жағдайлары Атырау облысы мен Шымкент қаласында анықталды.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес республиканың барлық өңірлерінде медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге, тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға зертханалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді.
Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі-вакциналау. Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,4 млн.дозасы сатып алынды. Жаңартылған вакцинада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ағымдағы эпидемиялық маусымға арналған ұсынысына сәйкес тұмау вирусының антигендері бар.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлеріне арналған білім беру ұйымдарының балалары; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцина алады.
Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 217 627 адам немесе республиканың жалпы халқының 11,14% егілді. Вакцина алғаннан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Тұмау – бұл тұмау вирустары тудыратын жедел респираторлық инфекция. Тұмау жөтелгенде немесе түшкіргенде адамнан адамға оңай таралады. Тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен бірге жүреді. Дененің айқын интоксикациясы пайда болады, оның келесі белгілері бар: қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артындағы ауырсыну байқалатын құрғақ жөтел.
Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде, құрамында вирус (инфекциялық тамшылар) бар ұсақ тамшылар ауаға түсіп, жақын маңдағы адамдарға жұқтыруы мүмкін. Инфекция тұмау вирустарымен ластанған қол арқылы да берілуі мүмкін.
Жөтел кезінде инфекцияның таралуын болдырмау үшін ауыз бен мұрынды майлықпен жауып, қолды үнемі жуып отыру керек.