30 қазан мен 3 қараша аралығында ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК ДДСҰ-мен бірлесіп инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу және инфекциялық бақылау және қазіргі жағдайда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі бағдарламаны нығайту.
Спикерлер: ҰТО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры-К. О. Текебаев, м. ғ. к., дәрігер-бактериолог, ПИИК бағдарламасы бойынша консультант-Зейнегүл Шакенова, жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог, “UMC” ҚҚ Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі-Гаухар Агажаева, медицина магистрі, дәрігер-эпидемиолог, сыртқы консультант, м.ғ.к. – Анна Сергеевна Гончарова.