Қазақстанда инфекциялық емес аурулар мезгілсіз қазаның барлық жағдайларының 81% негізгі себебі болып табылады. 2022 жылы қан айналымы жүйесі аурулары бойынша 100 000 тұрғынға шаққандағы жалпы науқастану көрсеткіші 16 877, қатерлі ісіктер – 2 280, жарақаттар мен уланулар – 2 494 құрады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстандағы алғашқы STEPS ұлттық зерттеуін бастайды.
Инфекциялық емес аурулардың туындауының негізгі тәуекел факторларының таралуын зерделеу кейіннен саяси шешімдер қабылдау және халықтың денсаулығын жақсарту үшін елдің одан әрі стратегияларын айқындау үшін қажетті сенімді деректер алуға мүмкіндік береді.
30 қазан мен 3 қараша аралығында Астанада, одан әрі үй аралауға шығатын зерттеу топтарын оқыту бойынша семинар-тренинг өтуде.