Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректері бойынша 2023 жылдың 9 айында Жастар денсаулығы орталықтарына жалпы 620 000 адам жүгінген, олардың 83% қала жастары, 17% ауыл жастары болып табылады.
Жастардың көбі бірінші кезекте психологтың қабылдауына жазылады, екінші – гинекологқа, үшінші кезекте – дерматовенерологқа және уролог мамандарына, одан әрі әлеуметтік қызметкер, әрі қарай терапевт, педиатр, заңгер сияқты мамандарға жүгінеді.
Жастардың басым көпшілігінің негізгі проблемасы: жыныстық қатынас ерте бастау, ата-аналарымен түсініспеушілік, қатарластары тарапынан булингке ұшырау, медициналық сауатсыздық, ерте жүктілік, психологиялық қиыншылықтар болып табылады. Кейбір жасөспірімдер ішкі сырын жақындарымен бөлісе алмай, өз проблемаларын өздері шешуге тырысады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, елімізде жастармен тікелей жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсетуге арналған 136 жастар денсаулығы орталықтары жұмыс істейді.
Орталықтар екі санат бойынша: 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге және 18-29 жас аралығындағы жастарға тегін көмек көмек көрсетеді. Казіргі таңда аталмыш көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізіледі.
«Мен басқа қаладан келдім және мұнда жаңа өмір сүру жағдайларына бейімделу өте қиын болды, сондықтан мен жастар денсаулығы орталығындағы психологтың көмегіне жүгіндім. Маған бұл жерде кезектің жоқтығы және сіздің барлық қажетті көмекті ала алатыныңз ұнады. Бүгін мен терапевтке келдім», – деп түсіндірді, жастар денсаулық орталығына екі жыл келіп жүрген 23 жастағы Мөлдір Тағаберген.
Жастар тұрғылықты жеріне қарамастан бүкіл Қазақстан бойынша жастар денсаулығы орталықтарына жүгіне алады. Бұдан бөлек, жасөспірімдердің ата-аналары балаларымен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша психологтың ұсынымдарын ала алады.
Күн сайын «Astana clinic» клиникасы жанындағы Жастар денсаулығы орталығына 50-ге жуық жас жүгінеді, психологқа күніне шамамен 8 пациент келеді.
«Пациенттер консультация барысында психологиялық тесттерден, сауалнамалардан өтеді, өз проблемаларымен бөліседі және ұсынымдар алады. Барлығы қатаң түрде құпиялылық аясында өтеді. Әрине, күрделі психологиялық проблемалары бар науқастар келетін жағдайлар да болады. Мұндай пациенттерді, олардың келісімімен қалалық психикалық денсаулық орталығына жібереміз. Осындай жағдаймен келген 5 адам болды, осылайша біз ықтимал суицидтің алдын алдық», – деп бөлісті Жастар денсаулығы орталығының психологы – Анар Жүсіпбекова.
Қандай да бір себептермен ыңғайсызданатын немесе мамандарға келе алмайтын жастар бізге телеграмм чат-ботқа хат жазып, қажетті консультация ала отырып, жасырын түрде жүгіне алады. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы туралы ақпарат беретін shyn.kz сайты іске қосылды.
Жастар денсаулығы орталықтаының мекенжайларын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтынан: https://hls.kz/ru/archives/category/mcz-rus сілтемесі бойынша табуға болады.